$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте мектеп директоры мемлекетке залал келтірді

Оңтүстік Қазақстан облыстық Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің шұғыл іздестіру шаралары нәтижесінде, Шымкент қаласының М.Горький атындағы №12 мектеп директоры И.Кадирова өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, мүлікті иемдену және талан-таражға салу мақсатында ресми құжаттарға көрінеу жалған мәліметтерді енгізіп, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасағандығы анықталды.

Нақтырақ айтқанда, И.Кадирова пайдакүнемдік мақсатпен 2013 жылғы қаңтар айыннан бастап аталған мектепте кіші қызмет көрсетуші қызметкердің (еден жуушы) Осылайша, И.Кадирова мемлекетке 855 577 теңге залал тигізді.

Қазіргі таңда, И.Кадирова қатысты ҚР ҚК 189-бабы 2-бөлігі 3-тармақшасына және 369-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл - қызмет бабын пайдалана отырып, ресми құжаттарға көрінеу жалған мәліметтерді енгізіп, қызметтік жалғандық жасау арқылы мүлікті иемдену және талан-таражға салу.Қылмыстық іс Еңбекші аудандық сотына жолданды.

Қазіргі уақытта И.Кадирова мемлекетке келтірген залалдың шығынын толықтай өтеді.

Айта кетейік, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылданғаннан бері он жылдың ішінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер дәйектілікпен жүзеге асырылуда. Осы бағыттағы шаралар мен көкейтесті мәселелерді шешуде заңдылықты жетілдіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Жалпы алғанда, қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде сыбайлас жемқорлық көрністерінің азаюы байқалады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары