Үйдің ауласында шылым шеккен оқушы қыздар ұятқа қалды. Осынау сәттегі видео Instagram әлеуметтік желісіндегі топтардың бірінде жарияланған.
Бейнежазба еліміздің қай қаласында түсірілгені белгісіз. Алайда, сабақтан үзіліске шыққан оқушы қыздардың шылым шегіп тұрғаны анық көрінеді.
Өз кезегінде желі қолданушылары мектеп қабырғасында жүріп шылым шеккен қыздарға ашуланды. Олар ата-аналар мен сынып жетекшілердің қыздарға қатал тәрбие бере алмағандығы деп кінә тақты.