$ 481.84  531.33  5.07

«Журналист жолы» кітабы оқырманға жол тартты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жерге тағзым» бағыты аясында Теректі ауылының 80 жылғына орай, ҚР Ақпарат саласының үздігі, Кенжеболат Шалабаев атындағы ҚР Журналистер одағы сыйлығының және «Алтын қалам» жүлдесі, «Қазақстанның үздік редакторы» медалінің, «Радио ісінің үздігі» төсбелгісінің иегері Базаркүл Үмбетованың «Журналист жолы» кітабының тұсаукесері өтті.

Өзінің кіндік кескен, туып өскен аядай болса да, жүрегінде аяулы мекен болып саналатын, тал бесігі - Теректісіне 35 жыл журналистика саласында абыройлы қызмет атқарып жүрген кеш иесі Базакгүл Сейітжанқызы арнайы келіп, өзінің жылдар белесіндегі жүрегінен жарып шыққан ой толғамдарын арқау еткен еңбегінің тұсаукесерін керемет есте жүреліктей өткізді. Ол бұған дейін туған өңіріне, яғни 2013 жылы «Перзент парызы» атты кітабын тарту еткен болатын.

Бұдан ширек ғасыр бұрын Жезқазған облысының атағы дүркіреп тұрған кезеңде Тәуелсіз еліміздің ұлттық құндылықтарын жарқырата көрсеткен облыстық арнада «Жұмадан жұмаға дейін» атты хабар барлығыңыздың естеріңізде болар. Сол хабарда көпшілік көзайымына айналған үш журналист, үш жүздің басын қосқан Ұлытауына бірнеше тарихи кітаптарын арнаған Тоғанбай қажы Құлманов, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, бірнеше кітаптардың авторы Заря Жұманова бірі Астанадан, бірі Алматыдан, сол үштіктің жылдар бойғы сыйластықтары мен шығармашылық байланыстарын әлі күнге жалғастырып осы кешке арнайы ат басын бұрды.

«Журналист жолы» кеш сөзі осы ауылдың тумасы Ақкүлше Ыбыраева, әні Айхан Мұсабековтың «Теректі тал бесігім» тамаша әнімен басталды. Осыдан кейін күні кеше ғана облысымызда Елбасының алдында өлең оқып батасын алған ұлытаулық жас ақын Мұқағали Сейітқазы өзінің арнау өлеңін оқыды. Ұлытау ауданының әкімі Әнуар Омар құттықтау сөзін арнап, ізгі лебізін жеткізіп, дәл осындай кездесу кеші Ұлытауда жалғасатынын айтты. Кеш қонақтары аймағымызға кеңінен танымал қаламгер аға-апалар Аманжол Үсентегі, Төлеш Асантегі, Амандық Рахұлы, Сағынкүл Жантурина, Абдолла Дастанов, Кенжебай Ахметов, Дархан Мұхан кеш иесіне ақ жол тілеп, ақжарма тілектерін жеткізді. Ағалық ақ тілегін қалалық «Ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Айып Байқасынов айтып, Жезқазған қалалық мәдениет және тілдері дамыту бөлімінің басшысы Салтанат Нұрлыбаеваның арнайы құттықтау хаты мен естелік сыйлығын тапсырды. Соңынан ерген сіңілісіне ақын Ақкүлше Ыбыраева сиясы кеппеген өлеңін арнаса, Теректі ауылының ардагер ұлағатты ұстаздар қауымы мен мектеп ұжымы Базаркүл Сейітжанқызының осындай жетістігіне шын қауанып, ақ баталарын беріп, сый-құрмет жасады.

Кітаптың лентасын арадгер ұстаз, көп жылдар осы ауылдағы мектептің директоры болған Ұлту қажы анамызбен Ұлытау ауданының әкімі, ақын Әнуар Серікбайұлы салтанатты жағыдай қиды. Кешті қортындылаған Базаркүл Сейітжанқызы Үмбетова: «Мен қайда жүрсем де туған жерім татулықтың тал бесігі атанған Ұлытауымды есіме аламын және қарт бабамның аманатындай ұлттық мүддені бәрінен жоғары қойып мен қазақпын деп мақтанамын. Жез даласын аңсап келген жезкиігіңдей аядай болса да аяулы Теректімнен шабыт аламын» дей келе, бүгінгі кештің кейіпкері, жыл сайын өзі оқыған мектептің ең үздік екі оқушысына әулеттерінің атынан арнайы степендия тағайындайтынын жеткізді.

Осындай игі шараны ұйымдастырушылар мен атсалысқандарға шексіз ризашылығын айтты. Кештің шырайын отбасылық «Наз» ансамбілі әкелі, бала Жанболат пен Назерке ән шашу шашса, жас әнші Нұрлан Мұсабеков сөзі Сайлаухан Нәкенов, әні Жақсыкелді Сейіловтың «Ұлытауым» әнімен түйіндеді.

Ізтөлеу ТҮСІПОВ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары