$ 494.87  520.65  4.91

Қыдыр ата Жанарыс Жақсылықұлының шипагерлік әлемі

Тарихи деректерге сүйенсек, ғаламда табиғат заңдылығына қарсы келмейтін белгілі бір тылсым күштің ықпалымен әлемге танылған көріпкел, емшілер, экстрасенстер, бақсы-балгерлер болғанымен, олардың өздерінің емдеу жолдары мен тәсілдері болған. Солардың бірі, бірегейі ХХІ ғасырдың ерекше тұлғасы «Халықтың сүйіктісі» ұлттық сыйлығының (төсбелгісінің) иегері Қыдыр ата атанып кеткен Жақайым атаның текті ұрпағы Жанарыс Жақсылықұлы Еңсеповтің шипагерлік әлемінің өзіндік ерекшелігі бар.

Біріншіден, бойына бірнеше қасиетті жинақтаған, әлем таныған Қыдыр ата Жанарыс Жақсылықұлы Мектеп ата киелі шаңыраққа әр қилы тағдырмен келген емделушілерге Алла тағаланың бар екенін және оның құдіреті шексіз екенін таныта білді. Сондай-ақ, аса мейірімді, ерекше рахымды Алла тағаладан үнемі кешірім сұрауды және оған мадақ айтуды ескертіп отырады. Айталық, емге келген 20 жастағы бойжеткен қыз баланың жүре алмай арбаға таңылып қалуына ата- анасының кінәсінен болғанын айтып, Алла тағаладан кешірім сұрау керектігін ескертті. Мұндай жағдайлар күнделікті ем барысында жиі кездеседі.

Екіншіден, Алланың аманатын арқалаған біртуар шипагер, ерекше табиғи дарын иесі, дертіне шипа іздеп келген науқастарды емдей отырып, бір жағынан тән саулығына, дене денсаулығына, жан саулығына және рухани тазалыққа баса назар аударады. Сондықтан Қыдыр ата-Жанарыс ата тек емдеп қана қоймай, тазартушы, дұрыс ойлауға бағыттаушы, сана сезімі мен ой санасын тазартып, өмір сүру салттарын дұрыс қалыптастырушы. Тазаланған, дертінен айыққан науқастардың мінез-құлқында өзгерістер болып, өмірді жаңаша бастауға талпынады, ішкі жан дүниесіндегі құбылыстары реттеледі.

Үшіншіден, Алланың ерекше сүйген құлы, Қыдыр атаның сүйікті ұлы Жанарыс Жақсылықұлы ғажайып құбылыстар жасайтын құдірет иесі. Әлем таныған тарихи тұлғаның құдіретін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Қыдыр атаның шипагерлік дара жолын, биоэнергетикалық өрісі арқылы емдеуі мен ерекше көріпкелдік қасиетін, тағылымы мол дана ұстаз екендігін, баяндайтын бүгінгі күнге дейін 9 кітап жарық көрді. Осы жерде айта кететін нәрсе Қыдыр ата-Жанарыс Жақсылықұлы туралы жарық көрген кітаптарды оқыған адамдардың дертіне шипа болатынын, жолдары ашылып өмірге жаңа серпіліс беретінін, тілектерінің қабыл болатынын, рухына рух қосылып, рухани жаңғыратынын, жалпы айтқанда, өмірінің жүз пайыз өзгеретінін байқауға болады.

Қыдыр ата-Жанарыс атаның ерекше құдірет иесі екеніне бірнеше мысалдар келтіруге болады. Биыл 2018 жылдың 4 шілдесінде Ақтөбе қаласында ауа райы (тұрғындардың телефондарына күннің қатты ыстық болатыны туралы хабарлама келді) қатты ыстық болғанда Қыдыр ата ертеңіне бұлт жіберіп жауын болатынын алдын ала ескертті. Шындығында, айтқан уақытта таңертең аспанды бұлт торлап кешке жаңбыр жауды. Оған сол күні емге келгендер куә болады деп ойлаймын.

Төртіншіден, Қыдыр ата - Жанарыс ата - емшілік қасиеті әлемдік деңгейге көтерілген даңқы асқақ, шапағаты мол шипагер. Жыл сайын Қазақстанның түпкір - түкпірінен және шет елдерінен Жанарыс Жақсылықұлының киелі шаңырағына дертіне шипа іздеген қаншама науқастар келіп ауруларынан құлан таза айығып, отбасына оралып алғыстарын жаудыруда. Сөзіміз дәлелді болу үшін мысалға жүгінейік. Солтүстік Қазақстан облысынан келген Ж. есімді азаматша өңештің обырынан тамақ іше алмай қатты ауырып (медицина емдеуге дәрменсіз болған) Қыдыр ата-Жанарыс атаның емінде болып, бірінші сеанстан-ақ тамағынан су өтіп жазыла бастады. Біраз ем қабылдағаннан кейін дертінен айығып, алғыс айтып келгенде емге келушілер дәрігердің жаза алмаған дертін Жанарыс Жақсылықұлы дауасын тауып емдегеніне ризашылықтарын білдірді.

Бесіншіден, ғұлама шипагер Қыдыр ата- Жанарыс Жақсылықұлы әлемдегі жалғыз адам және жұмбақ адам. Қыдыр атаның шипагерлік әлемін ешкім зерттемеген. Жанарыс атаның емшілік қасиетінің ерекшелігіне тоқталайық.

Емге келген әрбір адам анкета толтырып, дәрігердің диагнозы қойылған қағаздың көшірмесін қосып өткізеді (мұрағатта сақталады).

Әрбір емделуші анкетада көрсетілген шарттарды қатаң сақтауы керек.

Ем ата-анасы арқылы баласына жүргізіледі (науқас баланы емге әкелудің қажеті жоқ).

Төсек тартып жатқан науқас емге қатыспай-ақ отбасының бір мүшесі арқылы ем ала алады.

Ауырған науқастарға алыс –жақындығына қарамай ем шипасын бере алады.

Алла тағаланың таңдауы түскен Қыдыр атаның сүйікті ұлы Жанарыс Жақсылықұлы ерекше қасиетінің арқасында барлық дерттердің шипасын тауып, дертінен жазылуға сенімі мол емделушілерді ауруларынан айығуына көмектеседі. Тәңірдің сыйының кереметтігі сол Жанарыс атаның дәрігерлік білімі болмаса да, келген науқастарға «жазыласың» деген бір ауыз сөзінің құдіретімен бірнеше жыл бойы қиналып ауырған дерттерінен айығып кетуіне септігін тиігізгенін көргенде қайран қаласың...

Алтыншыдан, Қыдыр ата Жанарыс Жақсылықұлы Қазақстан Республикасының халық емшісі, ерекше дарынды шипагер, барлық ауруды емдеп сауықтырушы ғана емес, көріпкелдік қасиеттің иесі. Көріпкелдік киелі қасиет болғандықтан, ол кез келген адамға беріле бермейді. Мұндай жұмбақ құбылыстың құпиясын ашып зерттеу де мүмкін емес.

Жанарыс Жақсылықұлының көріпкелдік қасиетінің ерекшелігін әр қырынан көруге болады. Ем барысында аурудың пайда болу себептерін саралап айта отырып, қазақтың салт дәстүрінің, наным-сенімдер мен ырымдарының да адам өмірінде маңызды орын алатынын айтып отырады.

Бірде емге келген науқас әйел адамға ауруының неден пайда болғанын, яғни жерге қатты құлап «жер ұшық» жасамағанынан жаман аурудың жабысқанын дөп басып айтып берді. Жанарыс Жақсылықұлы көріпкелдік қасиетінің арқасында науқастың ауруының себебін анықтаса, екіншіден, Қыдыр ата Жанарыс атаның құдіреті емделуші әйелді сол емде дертінен айықтырып жіберді (видеосы мұрағатта сақталған). Осылайша дәрігерлер онкологиялық аурумен ауыратынын айтып, үйінде ем алғаны дұрыс деп, ауруханадан шығарып жіберген әйел адам Қыдыр ата-Жанарыс атаның емінде бірден жазылып кетеді.

«Жүзден – жүйрік, мыңнан тұлпар» дегендей халық емінің нағыз саңлағы Жанарыс Жақсылықұлы Еңсеповты халық денсаулығын жақсартуға қосқан үлесі үшін елі құрметтеп, рухани-сауықтырушы шипагер ретінде танығанына биыл ширек ғасырдан асты.

Жетіншіден, Қыдыр ата Жанарыс Жақсылықұлының әулиелігінің ғажайып көрінісі оның адамдардың түсіне ену қабілеттілігі, түнде келіп науқастарға ота жасауы(ем салуы), аян арқылы емдеуі, мейірімділіке, қуанышқа жетелеуі, алдында болатын қауіп-қатерден сақтандыруынан байқалады. С.Есімбай Қыдыр ата туралы жазған «Тағылымға тағзым» атты кітабында аян туралы былай жазады: «Аян деген – әулиеліктің негізгі ережесі. Бұлар - ғарыштан, Тәңірден келетін Алла тағаланың немесе өмірден өткен әулиелердің хабарларын қабылдай алатын ерекше қабілетті жандарға айтылатын өсиеттер мен бұйрықтар».

Қазақ халқының батырлар жыры мен аңыз әңгімелеріндегі, қисса-дастандардың кейіпкерлерінің аян көруі, сол арқылы алдын ала өміріндегі өзгерістерді сезуі ескі наным- сенім болса да, бүгінде әрбір адамның аянға сенетіні белгілі.


Адам өмірі бірнеше кезеңнен тұратын болғандықтан, емші-психолог, ерекше құдірет иесі Жанарыс Жақсылықұлы емге келген науқастың жан дүниесін зерттей отырып терең ұғынуға, өзін-өзі тануға, өзіне-өзі емдік көмек көрсетудің жолдарын көрсете білді.

Сырқатты анықтау мен оны емдеп жазудың ерекше қасиеттерін меңгерген Қыдыр ата-Жанарыс Жақсылықұлы музыкамен емдеу арқылы да қаншама адамдардың ауруларынан айығып кетуіне көмектескені баршаға аян.

Сондай-ақ, мүгедек арбасына таңылып жүре алмайтындардың аяғын басып кетуіне, құлағы ести алмайтындардың есту қабілетінің жақсаруына, дұрыс сөйлей алмайтын кекештердің қалыпты сөйлеп кетуіне, күйзеліске түскендердің жан сарайын емдеуге, өмірден түңілген адамдардың қайғысын жеңуіне, зағип жандардың көріп кетуіне, бір перзентке зар болып келгендердің балалы болуына, құрсақта жатқан нәрестенің жүрек қағысының тоқтап қалған кезінде қайтадан оған жан бітуіне себепкер болған да осы музыка арқылы емдеудің құдіреті.

Халықтың сүйіктісі атанған Қыдыр ата емінің құпиясы он сегіз мың ғаламды Жаратушы иеміз – Аллаһ Тағалаға ғана белгілі. Тәңірден келетін тылсым күшпен, науқастың дертіне шипа бере отырып, жүйке жүйесіне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесіндегі ашылмаған қуат көздерінің ықпалымен дертінен айығуына көмектеседі.

Қыдыр ата - Жанарыс Жақсылықұлы - халық медицинасындағы құндылығы мен маңыздылығы жоғары еңбегінің арқасында киелі шаңыраққа келгендерге өмір сыйлаушы, қиналғандардың жолын ашушы, саламатты өмір салтын сақтауға жетелеуші, жетім- жесірлерге қорған болушы, адамзат тарихында өзіндік дара жолы бар, әлем халықтарын құдіретімен мойындатқан, мәңгілік қазақ елінің бағына жіберілген аруақ қонған әулие, ұлы тұлға.

Бүгінгі медицинада жазылмайтын дерттердің емін тауып, ерекше қасиеті бар адамдардан кем түспейтін әлемге танылған табиғи дарын иесі, дара тұлға, көріпкел емші, ерекше құдірет иесі, ұлтымыздың мақтанышы Қыдыр ата атанған Жанарыс Жақсылықұлы Еңсеповтің халықтың денсаулығын жақсартуға қосқан ерен еңбектері мен өрелі істері ұшан-теңіз.

Рая Нұрсұлтанқызы
филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары