Астананың жаңа көпірінде бір-бірімен аймаласып, сүйісіп тұрған екі қыз видеоға түсіп қалды. Осынау сәтті куәгерлер телефон камерасына түсіріп алып, бейнежазбаны Instagram-парақшасындағы топтардың біріне жүктеген.
Атыраулықтардың Астана күніне орай сыйға тартқан көпірі астаналықтардың сүйікті мекеніне айналған. Алайда, көпшілік жүретін орында бір-бірімен сүйіскен қыздар жұрттың ашуын туғызды. Олар осы секілді адамдардың көпірдің сәнін кетіретіндерін айтуда.
Сондай-ақ, желі қолданушылары бір-бірімен аймаласқан қыздарды видеоға түсірген автордың өзіне шүйлікті.