15.09.2018, 06:26

Астананың жаңа көпірінде бір-бірімен сүйісіп тұрған қыздар видеоға түсіп қалды (ВИДЕО)

Астананың жаңа көпірінде бір-бірімен аймаласып, сүйісіп тұрған екі қыз видеоға түсіп қалды. Осынау сәтті куәгерлер телефон камерасына түсіріп алып, бейнежазбаны Instagram-парақшасындағы топтардың біріне жүктеген.

Атыраулықтардың Астана күніне орай сыйға тартқан көпірі астаналықтардың сүйікті мекеніне айналған. Алайда, көпшілік жүретін орында бір-бірімен сүйіскен қыздар жұрттың ашуын туғызды. Олар осы секілді адамдардың көпірдің сәнін кетіретіндерін айтуда.

Сондай-ақ, желі қолданушылары бір-бірімен аймаласқан қыздарды видеоға түсірген автордың өзіне шүйлікті.