Алматыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында I Халықаралық Жазушылар форумы өтуде. Алғаш рет өтіп отырған аса маңызды әдеби шараны Халықаралық қазақ ПЕН-клубы ұйымдастырған. Форум үш күнге созылады.
Қыркүйектің 10-12 аралығында Алматыдағы Рахат Палас қонақ үйінде өтіп жатқан I Халықаралық Жазушылар форумына Ұлыбритания, Польша, Палестина, Марокко, Израиль, Франция, Түркия, Германия, Литва, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және басқа да 16 елден танымал жазушылар, ақын, драматург, философ және аудармашылар қатысуда.
– Мұндай әдеби форум Қазақстан даласында көптен бері болмаған. 1973 жылы Қазақстан Жазушылар одағының ұйымдастыруымен афро-азиялық Жазушылар конференциясы өткен болатын. Осы идеямен ол Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек мырзаға өтініш білдіріп, қаржылық қолдау көрсетуін сұрадық, – дейді Халықаралық қазақ ПЕН-клубының президенті Бигелді Ғабдуллин.
Бұл – цифрлау және жоғары технологиялар ғасыры. Халық бірауыздан қоғамның назарын ақпаратқа, блогтарға толы гаджеттерге аударып алды. Жастанып кітап оқитын адамды табу қиын дейді жиналған жазушылар.
– Негізгі мәселе - оқу деңгейінің төмендеуі. Қазір кітап оқитын адам аз. Мен де интернетті білемін, өйткені блог оқыған, кітап оқыған дұрыс. Мәселен, менің елімде, Польшада, кітапты оқып-үйренудің қорқынышты деңгейі: 2017 жылы 18-25 жас аралығындағы адамдардың 37% -ы бірде-бір кітап оқымайды. Бұған қарсы бірдеңе істеу керек, – дейді поляк жазушысы Януш Леон Вишневский.
Ал француз ақыны Атанас Вансв Дио Траси фраунцщздықтар Қазақстанды жақсы білетінін айтты. Ол Франциядағы Қазақстан елшілі бұл бағытта жақсы жұмыс істейтінін және өзі қазақ жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовпен жақсы таныс екенін мақтанышпен әңгімеледі. Айта кетейік, Атанас Вансв Дио Траси 2019 жылғы әдебиет саласындағы Нобель сыйлығына үміткер.
Шараға қатысушылар «Құбылмалы әлемдегі заманауи әдебиеттің орны», «Жаһандану және ұлттық әдебиет», «XXI ғасыр талаптары және әдебиет» сынды өзекті мәселелерді талқылап жатыр.
– Қазір жазушы деген мамандық жоқ. Мен әдебиет көптігін және оған құмарлард көріп жүрген жоқпын. Бірақ уақыт өз дегенін алады. Біз заманға сай болуымыз керек. Қанша дегенімен, әдебиет адамзатқа, қоғамға керек. Мен сондықтан Пен-клубтың қызметін қолдаймын. Қоғамды «ұйқыдағы ару» сияқты бір сілкіп оятып алуымыз қажет-ақ, – деді Олжас Сүлейменов.
Форумның үшінші күні, яғни, 12 қыркүйек сағат 19:00-де Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында Олжас Сүлейменов, Алексей Цветков (Израиль), Сергей Гандлевский (Ресей) және Бахыт Кенжеев (АҚШ) секілді талантты ақындар қатысуымен поэзия кеші өтеді.
Ақбота Мұсабекқызы