$ 441.58  480  4.86

Жезқазғандық жасылелдіктер марапатталды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2005 жылдан бастап мемлекеттік «Жасыл ел» бағдарламасы қолға алынған болатын.

Аталған бағдарламаның мақсаты – студент және мектеп жасындағы жастарды жазғы демалыс уақытта жұмыспен қамтып, уақыттарын тиімді пайдаланып, жаңа достар тауып, еңбекке ынталарын арттырып, ел жастарының өз елін, қаласын, өз көшесін көгалдандыруға жұмылдыру.

«Жасыл ел» студенттік құрылыс отряды штабының да бұл бағдарлама аясында атқарар жұмыстары айқын. Осылайша олар ата-аналарына шамалы болсын жеңілдік жасап, оқу ақысы немесе басқа да қәжеттіліктерінің қаржысын тапты.

Жезқазған қаласы әкімінің қолдауымен биыл да жезқазғандық 150 жас жазғы 3 маусымда «Жасыл ел» еңбек жасағында абыройлы еңбек етіп, қаламыздағы 145 гектар аумақты арам шөптерден қураған талдар мен саябақтарды қоқыстардан тазартып, қаламыздың сәніне сән және тазалығына белсенді атсалысты. Жалпы, жастарды қолдап, басын біріктіріп, бір кісідей жүйелі еңбек етуіне «Жезқазған қаласы тұрғын үй коммуналдық шарушалығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» ММ, «Жезқазған қаласы ішкі саясат бөлімінің жастар ресурстық орталығы» КММ-сі, «Талдықорған корпоративтік зағиптар» қоғамдық бірлестігі қолдау танытты. Жастармен етене араласып, тез тіл табысып, жұмысты жоғары деңгейде ұйымдастырып жетекшілік жасаған Роза Сауқымова, Дәурен Байдырахман, Нина Намункаға жастардың айтар алғысы да шексіз.

Жақында жасылелдіктердің үш маусым бойы атқарған еңбектерін ескеріп, қалалық жастар ресурстық орталығы мен «Ұлытау қыздары» қоғамдық бірлестігі «Жасыл ел» маусымының жабылу салтанатын ұйымдастырды. Аталған мекеменің директоры Бақытжан Көпбаев құттықтап, жастарға алғысын білдірді. Қаламызды көгалдандыру мен экологиялық мәселесіне, қоршаған ортаға, табиғат анаға сүйіспеншілікпен қарауға ерекше атсалысқан Ниязбек Ернар, Аяжан Сафина, Измаил Махамбетов, Серік Ғайнура, Аян Мұханбетжанов, Әділ Аружан, Нұрсұлтан Есбергенов, Серкебай Жалғас, Сәрсенбек Нұржан, Нина Валерьевна алғыс хаттар иеленді. Ал, Маржан Бақтыбаева, Темірлан Сейітжаппаров, Еркебұлан Ерікұлы, Сабыржан Сардаров, Еркеназ Айтуғанова, Әбдіғали Нұржан, Совет Ерік, Гүлім Балабаева, Жанар Әбдірахман, Ільяс Жәндалдаев арнайы диплом және заттай сыйлықтармен марапатталды.

Ізтөлеу ТҮСІПОВ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары