Генадий мен «Канелоның» жекпе-жегінен кейін Головкиннің бұрынғы фанаты «GGG» деген жазуы бар заттарын жаппай сатылымға шығарды деп жазады inaktau.kz.
«Генадий, сен мені ұятқа қалдырдың» деген жігіт көлігіндегі мемлекеттік нөмірі мен бас киімін сататынын мәлімдейді.
Еске сала кетейік, Головкин мен Альварестің екінші жекпе-жегі 16 қыркүйек күні таңертең Лас-Вегаста өтіп, төрешілер шешімімен мексикалық жеңіске жетті. Головкин карьерасындағы алғашқы жеңілісіне ұшырап, барлық белбеуінен айырылды. Сондай-ақ, біздің отандасымыз Бернард Хопкинстің орта салмақтағы титулдарын қорғау саны бойынша тарихи рекордын бұза алмады.