$ 447.4  477.55  4.76

Атышулы Байзақова жақында сәбилі болмақ (ВИДЕО)

Атышулы Байзақова енді сәбилі болмақ. Видеода оның ішінің кәдімгідей білініп қалғанын аңғару қиын емес. Әрине алдамаса.

«Неге көрінбей кетті дейсіздер ме? Айтайын. Жүктілігімнің 30-аптасындамын. Ішіме қарап 7 айлық деп айтпайсың. Адамдардың көзінен тасаланып жүру оңай болмады. Бірақ енді жасырынбаймын ешкімнен. Ұялатын ештеңе жоқ. Қайта бұл жаңа өмірдің бастауы», - деп жазды Байзақова.

Бірақ Байзақова баланың әкесі жайлы бір ауыз сөз айтпапты. Желі қолданушыларының бірі «аман-есен аяқ қолыңды бауырыңа ал» деген сарында тілек жазса, келесі бірі бұны блогердің кезекті хайпы деп сенбей отыр.

Еске сала кетейік, Айжан Байзақова былтыр жыл соңында Алматыда қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін Алмалы аудандық сотының шешімімен 3 күн қамауға алынған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары