Жезқазған гуманитарлық коледжінде «Жезқазған қаласы ішкі саясат бөлімінің жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «COMPANY MUSLIM.KZ» ЖШС ұйымдастыруымен Жезқазған қаласы әкімінің Кубогі үшін дәстүрлі пікірсайыс турнирі өтті.
Сайыстың қазақ тіліндегі тақырыбы «Бұл палата «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Жезқазған өңірінде туризмді дамыту жолдарын ұсынады», ал орыс тілінде «Это палата предлагает механизм развития туризма в Жезказганском регионе в рамках программ «Рухани жаңғыру» деп аталды.
Жалпы пікірсайыстың мақсаты жастарды шешендік және шығармашылық шебелгінін шыңдау, жастар арасында жаңа көшбастар тұлғаларды қалыптастырып, оларды қоғамдық өмірге белсенді түрде қатасып, өз көзқарастарын еркін білдіруге икемдеп, өз ой-пікірлерін дәлелдей алатын деңгейге жеткізу.
Пікірсайыс екі тілде өтіп, оған қаламыздағы жоғарғы және орта оқу мен ЖББОМ оқушылары, Сәтбаев қаласы, Ұлытау ауданы, Ақтас, Қарсақбай кенттерінің топтары қатысты. Бұл пікірсайыс Карл Поппер форматының саяси айшықтары бойынша өтті. Топ құрамы 3 ойыншы мен 1 жеткешіден жасақталды. Жалпы пікірсайысқа 20 тарта топ бақ сынады.
Сонымен, қазақ лигасы бойынша жүлделі І орынды Жезқазған гуманитарлық колледжінің «Ақиқат» тобы еншіледі. Жүлделі ІІ орынды Өмірхан Аймағанбетов атындағы Жезқазған универсиетінің «Ұрпақ үні» тобы, ІІІ орынды Ұлытау ауданынаның «Торпеда» тобы қанжығасына байлады.
Орыс лигасы бойынша жүлделі І орынды Жезқазған политехникалық колледжінің «Фемида» тобын жеңіп алды. Ал, жүлделі ІІ орынды Жезқазған гуманитарлық колледжінің «ЖезГум» тобы, ІІІ орынды Жезқазған қаласындағы №3 мектептің «Дан» тобы еншіледі. Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды. Басқа да қатысушылар мен ұйымдастыруышыларға марапаттар жасалды. Сайыс өте жоғары деңгейде өтіп, жастар рухани азықтанды деуге толық сеніммен айтуға тұрарлық.
Ізтөлеу ТҮСІПОВ