Қыркүйектің 20-21 күндері Астана қаласында Еуразия жазушыларының үлкен форумы өткен болатын. Сол басқосуға келген Монғолия жазушылары арнайы Жезқазғанға атбасын бұрды.
Құтты қонақ келсе төріне шығарып, қорадағы жалғық қойын сойып беретін біз қазақ шетелдік меймандарға жезқазғандықтар лайықты құрмет көрсетті. Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы, есімі өңірімізге белгілі Мұзараф Аханов қонақтарды шаңырағына шақырды. Халқымыздың дәстүрі бойынша қазан асылып, төрдегі қадірлі меймандарға ұлттық ет тағамы тартылды.
Монғол елінен келгендері болмаса, қонақтардың бірі ақын, жазушы, тарих ғылымдарының кандидаты Сұраған Рахметұлы өзіміздің қандасымыз болып шықты. Ал, екінші мейман – Монғолияға белгілі жазушы Аюрзан Ғұнайжап. Қонақтарды мысты қалаға бастап келген Қазақстан жазушылар одағы Қарағанды облысы филиалының директоры Серік Сағынтаев.
Ақ дастарханнан дәм татқан шетелдіктер күллі түркі әлеміне ортақ тұлғалар мекен етіп, мәңгі тыныс тапқан киелі Ұлытау жеріне сәлем беріп, Алашахан, Жошыхан мазарларына тәу етті. Тарихы жеті ғасырға жеткен Жошы хан кесенесінің сыны бұзылмай, кескіні сақталғанына таңқалған моңғолдық Аюрзан бабасының рухына тағзым етіп, өңіріміздің кесене шырақшыларына алғысын жеткізді.
Тылсым тарихқа толы мекенгеарнайы келген монголиялықтар Жошы ханның кесенесінен кейін Домбауыл дөңі, одан кейін Алаша хан кесенесіне қарай беттеді. Архитектуралық сыңы сол қалпында сақталған бұл нысандар кімді болмасын талқалдырмай қоймасы анық.
Сұраған Рахметұлы бұндай тарих пен әдебиетке, мәдениетке толы киелі мекенді көздің қарашығындай сақтап, көпшілікке насихаттау керектігін алға тартты.