$ 498.34  519.72  4.85

Секстен бас тартқан ерлер өліп кетуі мүмкін

Америкалық ғалымдар мүлде жыныстық қатынасқа түспейтін ер азаматтар мезгілсіз өлімге душар болуы мүмкін екенін айтып дабыл қақты деп жазады NUR.KZ.

Зерттеушілер жыныстық тұрғыдан қанағаттанбаған ер азаматтардың денсаулығы сыр беріп, ерте қартаятынын айтуда.

Олар мұндай тоқтамға дрозофилдерге жүргізілген тәжірибе барысында келген. Аталмыш жәндіктер жыныстық қатынасқа түспей қалған жағдайда салмақ жоғалтып отырған.

Одан бөлек жәндіктер күйзеліске ұшырап, тіршілік ету уақыты да қысқарыпты. Осы орайда ғалымдар ер азаматымен жыныстық қатынасқа түсуге құлшыныс танытпайтын нәзік жандыларға ескерту жасады.

«Егер күйеуіңіз ерте қартайып, денсаулығы күрт нашарлағанын қаламасаңыз, оның жыныстық қалауын қанағаттандырып отырғаныңыз абзал», — дейді зерттеушілер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары