17.08.2015, 06:46

Алматыда жол апатынан 6 адам қаза тапты

www.24.kz

Алматы облысындағы Алматы - Өскемен тас жолында жол апаты болып, 6 адам қаза тапты, - деп хабарлайды өңірлік ІІД баспасөз қызметі.

Оқиға 16 тамызда Шеңгелді ауылына жақын маңда, автожолдан 112 шақырым қашықтықта болды. Жол-көлік оқиғасынан тағы бес адам зардап шекті. Олар жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Ведомствоның мәліметінше,Mercedes-Benz пен Opel Zafira соқтығысқан. "Жол апаты дерегі бойынша «Көлік басқару кезінде «жол ережесін бұзу» бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, бірқатар сараптама тағайындалды», - деді полиция қызметкерлері.