Мемлекеттік тілде қызмет көрсетпеген Air Astana компаниясымен соттасып, жеңіп шыққан түрік азаматы Оғыз Доған енді Экспо-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіндегі роботқа шүйлікті. Қоғам белсендісі «Нұр Әлемде» орналасқан бұл роботтың қазақша сөйлемегеніне ренжулі.
«Қазақша сөйле. Мені мақтағаныңды қойшы, мемлекеттік тілде сөйле. Ұятың жоқ сенің. Қазақстанды сыйламайсың ба?», - дейді ол видеода.
Робот болса, сонда да ресми тілде сөйлеп, Оғыз Доғанды ашуландырды. Ал жасанды интеллектіні қазақша сөйлете алмаған блогер оның үстінен сотқа шағым түсіретінін айтты.