$ 494.87  520.65  4.91

Депутат аға буын өкілдерімен кездесті

Ауыл шараушылығын дамыту мемлекет басымдық беріп отырған салалардың бірі болып табылады. Оны Елбасы жолдауларынан да анық байқауға болады.

Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Шавхат Өтемісов батысқазақстандық ауыл шаруашылығы саласының ардагерлерімен өткен кездесуі кезінде мәлімдеді.

Ауыл шаруашылығы сонау заманынан бері қазақ халқының негізгі күнкөріс көзі болып келе жатқанын айтқан депутат аталмыш сала бүгінгі таңда да өз мән-мағынасын жоғалтпай, ел экономикасының негізгі күретамырының бірі болып саналады.

- Агросекторға қаражат аз бөлініп жатқан жоқ. Оны Батыс Қазақсан облысындағы жағдайға қарап та білуге болады. Бүгінде Жайық жағалауы төрт түлікке толды. Түрлі ауыл шаруалығы техникаларының саны артуда. Мал мен өсімдік өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар қатары көбейді. Нарықта отандық өнім қатары жыл өткен сайын артуда. Облыс басшылығы көлдете суландыру мәселелерін шешуге жете мән беріп жатқандығы қуантады. Иә, өзге де салалар секілді мұнда да түйкілді мәселе жоқ емес. Соған байланысты биыл Парламент қабырғасында Үкімет мүшелерінің, сала мамандарының қатысуымен бірнеше үлкен отырыс өтті. Онда біраз мәселелер айтылды. ҚР Президентті ауыл шаруашылығы саласы ел экономикасының драйзері болуы тиіс деп айтты ғой. Яғни бұл мәселелер көп кешікпей шешімін табады деп ойлаймын,-деді Шавхат Әнесұлы.

Кездесуде облыстың ауыл шаруашылығы саласында жемісті еңбек еткен, ұзақ жылдар шаруашылық басқарған ардагер ағалар бұл саладағы өздерінің өмірлік бай тәжірибелерін ортаға салды. Ардагерлер қазіргі ауыл шаруашылығының даму бағыты туралы өз ой-пікірлерімен бөлісіп, ұсыныстарын айтты. Мәселен, облыстың төрт шаруашылығын ширек ғасырдан астам уақыт басқарған еңбек ардагері әрі күнге дейін шаруа қожалығына жетекшілік етіп отырған Ерболат Нысанбаев ауылды дамытуға, мал мамандарын дайындауға жете мән беру керектігін айтты. Ал өңірге танымал ақсақал, эколог Ғазез Хаймулдин Азынабай-Тайпақ суландыру жүйесін қайта іске қосу облысқа ғана емес, ел экономикасына да тиімді боларын жеткізді. Сол себепті оған Парламент депутаттарының жіті назар аударғандары дұрыс. Облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдарында көп жылдар басшылық жұмыс атқарған Қуаныш Құсайынов, Жеңіс Сағидуллин, Владимир Асанов, Қайрат Шалабаев, Нұрлан Ізтілеуовтер де мал шаруашылығын, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағытындағы ой-пікірлерімен бөлісті.

Ернар ХАЙДАР

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары