Желіде медицина қызметкерінің науқасты тепкі астына алған видеосы Instagram-парақшасындағы zhest_kz тобында жарияланды.
Видеода басы дәкемен оралған ер адам жерде жатыр. Неге екені белгісіз медецина формасын киген қызметкер оны аямай тұрып тепкі астына алады. Абырой болғанда, күзетші араға түсіп, науқасты құтқарып қалады.
Оқиға Астана қалалық ауруханаларының бірінде болған болуы мүмкін. Бірақ жергілікті қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бұл жағдайды растамай отыр.