20.08.2015, 04:54

Ішімдікке тойған «халық емшісі» полицейге қарғыс айтты

Ақтауда ішімдік ішкен күйінде көлік жүргізген «халық емшісі» өзін тоқтатқан полиция қызметкерлеріне тіл тигізіп, қарғай жөнелді.Бұл туралы Lada.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ жазады.

Жол талғамайтын көлікке мінген «халық емшісі» жол сақшыларынан өзін дереу босатуды өтінген. Емшінің айтуынша, оны жолда тоқтатуға болмайды екен. «Халық емшісінің» бейәдеп әрекетін полицейлер ұялы телефонның камерасына түсіріп алған.Бейнеден байқағанымыздай, жол полицейлерінің көліктің фарын қосып жүру туралы ескертпесіне емші құлақ ілмеген. Алайда, ол бірнеше ескертпеден кейін жол шетіне тоқтап, өзінің халық емшісі екенін айтып, тоқтатуға болмайтынын ескертеді.

Бір қызығы, әкімшілік хаттама толтыруға келгенде емші Құран сүрелерін оқып, полиция қызметкерлері мен олардың бала-шағасы және отбасын қарғай бастаған. Оқиға 7 тамыз күні Ақтаудағы 8-ші ықшамауданда болған. Осыдан соң, полицейлер халықты емші атын жамылғандарға сенбеуге шақырды.

 
Тегтер: Ақтау