$ 449.58  486.94  4.86

Шерхан Мұртаза дүниеден өтті

Қазақ жазушысы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртаза қайтыс болды. Бұл туралы Жамбыл облыстың Ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Уәли өзінің Facebook-парақшасына жазды.

Жазушының кіндік кескен жері - Жуалы ауданы. Жазушы 1955 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Жастық шағында «Лениншіл жас» пен «Социалистік Қазақстан» газетінің тілшісі болып қызмет еткен. 1963-1970 жылдар аралығында «Лениншіл жас» газетінің редакторы қызметінде болған. Одан кейінгі кездері «Жазушы» баспасы мен «Жалын» альманахының, «Жұлдыз» журналының Бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының екінші хатшысы, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы әрі Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының хатшысы қызметтерін атқарған.

Жазушының әр жылдары жазылған «Табылған теңіз», «Белгісіз солдаттың баласы», «Ахметжанның анты», «Мылтықсыз майдан» повестері, «41-жылғы келіншек», «Интернат наны» әңгімелері, «Қара маржан», «Жүрекке әжім түспейді», «Не жетпейді?», бес кітаптан тұратын «Қызыл жебе», «Ай мен Айша» романдары қазақ прозасына қосқан өшпес туынды болып қалары сөзсіз. Шер-аға бір жылдары Қазақстан Pеспубликасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып, ел көкейіндегі ең өзекті мәселелерді биік мінберлерден жасқанбай айтқан деп жазады Қазақпарат.

Айта кетейік, биыл қыркүйек айында Ш.Мұртаза 86 жасқа толған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары