$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда тұрғын үй басқармасының жанынан ХҚКО ашылды

Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды.

«Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы жанынан халықты қабылдап, кеңес беретін арнайы зал ашылған. Мұнда «Нұрлы жер», «Өңірлерді дамыту 2020» және қалалық «Алматы жастары» бағдарламаларын халыққа егжей-тегжейлі түсіндіріп, олардың сұрауын қанағаттандыратындай жағдай жасалған»,-деді әкімдіктің баспасөз қызметі.

Операциялық залдың негізі мақсаты - халыққа жылдам әрі сапалы қызмет көрсету, сондай-ақ бұқараға тұрғын үй заңнамасына сай міндеттер мен ақпаратты ашық түрде жеткізу.

Операция залының 1 қабатта орналасуы әсіресе егде жастағы кісілер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға, қимыл-тірек аппаратының көмегімен жүріп-тұратын азаматтарға ыңғайлы етіп жасалған.

Есту, сөйлеу қабілеті нашар адамдарға онлайн сурдоурдармашы бар. Және мұнда «Азаматтарға арналған үкімет» МК арқылы (ЭСҚ болған жағдайда) өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы бар.

Айта  кетейік, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ іске қосқан бот арқылы бұған дейін 13 мемлекеттік қызмет пен сервис, соның ішінде 7 кең таралған анықтама, әлеуметтік мәртебені тексеру мен базалық зейнетақы төлемінің көлемі туралы ақпарат алу, емханаға тіркелу, дәрігерге жазылу және дәрігерді үйге шақырту, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталығында (ХҚО) кезекті брондау қызметтері қолжетімді болған.

Енді бот арқылы өзіңізге жақын жерде орналасқан ХҚКО туралы біліп, сондай-ақ бала тууға байланысты проактивті қызметтерді алу мүмкіндігі туды. Басқаша айтқанда,  туу туралы куәлікке тапсырыс беру, бала туу бойынша жәрдемақыларды рәсімдеу және сәбиді балабақшаға кезекке қою тіпті жеңілдей түсті.

Естеріңізге саламыз, мемлекеттік қызметтерді телеграм-бот арқылы алу үшін «Мобильді азаматтар базасына» тіркелу қажет, яғни eGov.kz порталындағы жеке кабинетте телефон нөміріңізді ЖСН-ге бекітіп, өз гаджетіңіздегі Telegram мессенджерінде ботты іске қосу керек.

Сосын алдын-ала белгіленген командаларды жолдап, SMS-кодпен растау арқылы анықтамалар мен сервистер туралы ақпаратты сұрата аласыз.

Сондай-ақ барлық ақпаратты қолданушының электрондық поштасына жолдау мүмкіндігі де қарастырылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары