24.09.2018, 11:41

Таулы курорттар арқанжолмен байланыстырылады

Алматы өңірі бірегей табиғи дестинацияны ұсына алатынына тоқталған министр, осыған байланысты аталған өңірдегі таулы кластер туризмді дамытудың негізгі драйвері ретінде таңдалған.

Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Алматы маңындағы таулы курорттар арқанжолмен байланыстырылатынын айтты.

А.Мұхамедиұлының сөзіне қарағанда, кластерді жаңғырту үшін ең тиімді қаржылық модель іске қосылады.

–Алматы өңірін өте жақсы білесіздер. Аталған аумақ тау шаңғысы саласын дамытудың ең ірі орталықтарының бірі бола алады. Себебі қазіргі кезде бізде Шымбұлақ, Табағанда тау шаңғысы кластері, сондай-ақ өзге де нысандар бар. Егер де біз бірінші кезеңде оларды өзара арқанжолмен байланыстырсақ, онда тау шаңғысы желісінің инфрақұрылымы пайда болады. Осы орайда қысқы демалыс түрлерінен бөлек, жазғы кезде жаяу жүру, атпен және велосипедпен серуендеу бағыттарын дамыта аламыз. Бүгінде жүздеген адам таулы туризмді өздері игеріп жатыр. Бізге тек оларды инфрақұрылыммен байланыстыру керек. Мәселен, Ақбұлақтан арқанжолмен Шымбұлаққа емін-еркін жетуге болады. Одан ары қарай арқанжолды Қаскелеңге және Түргенге дейін тарту қажет, - деді министр.

Айта кетейік,  Алматы облысында салынатын тау шаңғысы кластеріне түсіп отыр. Оның аясында таулы курорттар – Ақбұлақ пен Шымбұлақты, Қаскелең мен Түргенді байланыстыратын арқанжол тартылмақ. Бұл бастама жылына 13 миллион туристі тартуға ықпал етпек.

Ал шет ел азаматтарын Қазақстанға тарту үшін жыл сайын 800 миллиард доллар инвестиция тартылады. Бұл іс болашақта да жалғасын таппақ. Алдағы уақытта кәсіпкерлер туризмге ыңғайлы 100 орынға ақша құяды. Инвестициялық портфелі 4 миллиард 900 миллион теңгеден асқан бизнес өкілі корпоративтік табыс салығынан – 10, жер салығынан 8 жылға босатылмақ