$ 441.66  475.14  4.86

Абылай хан даңғылының бойындағы бірнеше үйдің қасбеттеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді

Алматы қаласының «Асфальтобетон» ЖШС жеке қаржысы есебінен Жетісу ауданы, Абылай хан даңғылы, 25 және «Нурсат-Темір» ЖШС жеке қаржысы есебінен Абылай хан даңғылы, 23 мекен жайларында орналасқан көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын жаңғырту» бағдарламасына қатысу үшiн пәтер иелерi кондоминиум құрып, Алматы қаласы Тұрғын үй басқармасында тiркелуi керек. Бағдарлама кондоминиум нысанын басқару органы, бас мердiгер болып келетiн мамандандырылған өкiлеттi ұйым және пәтер иелерi арасында үш жақты келiсiмшарт жасасуды қарастырады. Құрылыс жұмыстарын және орындалған жұмыстар актiсiне қол қою кондоминиум өкiлдерiмен жүзеге асырылады.

Республикадағы тұрғын үй қорының жай-күйін жақсарту мақсатында облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдері ескі тұрғын үйлерді күрделі жөндеу және апатты тұрғын үйлерді бұзу жөніндегі өңірлік бағдарлама­лар әзірлеген.

Айта кетейік, Абылай хан даңғылы, 25 мекен-жайындағы үйлерді жөндеуге қаржы  бөлген «Асфальтобетон» ЖШС нарықта жарты ғасырдан астам жұмыс істеп келеді.  Компания жол құрылысы саласында жоғары кәсіби өндіруші және сенімді жеткізуші ретінде лайықты беделге ие. Абылай хан даңғылы, 23 мекен жайларында орналасқан көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге  қаржы бөлген «Нурсат-Темір» ЖШС де нарықта сұранысқа ие, өз жұмысын жауапкершілікпен атқаратын мекеме.

Мемлекеттік –жекеменшік  әріптестік арқасында қаланың жағдайы  жақсарып келе жатқаны рас. Естеріңізге  салайық, ҚР Үкіметі 2011 жылғы 29 маусымда 2011-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында мемлекеттік-жеке әртіптестікті дамыту жөніндегі бағдарлама, сонымен қатар 2015 жылы 31 қазанда Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік туралы заң қабылданды.  

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев: «Жекеменшік инвестицияларды тарту жөнінен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі орасан зор әлеуетке ие болып отыр. Біз Қазақстанда бұл тетікті іске қостық, бірақ та ол озық әлемдік  практикаға сәйкес жетілдіруді талап етеді», – деп пікір білдірген. Сонымен қатар кәсіпкерлікті дамыту, мемлекет пен бизнес арасындағы тиімді байланысты нығайту мәселелері Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында да кеңінен айтылып келеді

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары