$ 443.44  480.51  4.88

Алатау ауданының 45 көшесінде жарық желісін ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

«Электро Ремонт» ЖШС тарапынан 45 көшеде көше жарық желісін ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қазіргі таңда Ә. Мамбетов, Емцова, Левский, Кисловодская, Жиделі, Сұлутөбе, Майра, Ақжар, Ақжол, Ашекеева, Сахалинская, Красильская, Меростровская, Ачинская, Душанбинская, Сусанина, Нарвская көшелерінде жоспарланған 305 светодиод шамдары қойылды. 29 көшеде кронштейндері мен СИП-4 сымдары ауыстырылып, светодиодтық шамдарды қоюға дайындалып жатыр.

Сонымен қатар, аудан аумағындағы 15 көшеде 730 жарық беру бағаналарын қою жоспарланған. Қазіргі таңда Ф. Оңғарсынова (Ақсай) көшесіңде 92 бағана орнатылды.

Жарық желісі демекші, «Универсиада-2017» нысандарына арналған 8 млрд. 682 млн. 572 мың теңгеге 2 электр қондырғысы мен ұзындығы 7,9 шақырымды құрайтын электр желілері салынды.

Сонымен бірге, иесіз электр желілерін анықтау мақсатында, жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 92 шақырым иесіз электр желілері анықталды. Аталған желілер бойынша иесіз деп тану туралы сот шешімдері шығарылып, Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына коммуналдық меншікке алу және әрі қарай коммуналдық мекемелермен қызмет көрсету үшін тапсырылды.

2018 жылы Алатау ауданында жалпы соммасы  400 млн. теңге болатын 20 аула аумақтарын абаттандыру жоспарланған.

Электр желілерін жаңадан салу және қайта жаңарту. Трансформаторлық қосалқы станция арасындағы нормативтік мерзімін өтеген және тиелген кабель желілерін ауыстыру.

Айта кетейік, Алатау ауданы 2008 жылы құрылған, 23 ықшамаудан орналасқан, жалпы жер аумағы 10 495 гектарды құрайды және халық саны 230 мыңнан асады. Аудан биыл  10 жылдығын тойлауда. Осыған орай түрлі шаралар ұйымдастырылып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары