$ 504.34  556.34  5.97

Асыл мал өсіруге ден қоюда

Ақ Жайық өңіріндегі ірі ауданның бірі болып табылатын Теректіде егін мен мал шаруашылықтарын өркендетуге айрықша көңіл бөлінуде. Соңғы кезде мұнда ата кәсіпке ден қоюшылардың қатары көбеюде. Соған байланысты мал басының тұрақты өсуі байқалады.

- Ауданда мал басын тек өсірумен емес, сапасын да жоғарылатуды да жете мән берілуде. Осы мақсатта аудан тұрғындары асыл тұқымды мал басын көбейтуде. Аудан бойынша асыл тұқымды малды өсірумен айналысатын 21 шаруашылық бар. Асыл тұқымды мал саны 7535б басты құрайды (бұл жалпы мал басының 17,7 пайызы). Оның 7018-i – етті, 517-i сүтті бағытта. Екі шаруашылық көшім асыл тұқымды жылқысын өсіруге ден қойған. Оларда 388 бас қылқұйрық бар. Жыл басынан бері ауданның шаруа қожалықтарымен 579 бас асыл тұқымды ірі қара мал сатып алынды,-деген Теректі ауданы әкімінің орынбасары Луаз Уәлиев ірі қара малы 105,4, қой 112,6, ешкі 115,4, жылқы 109, құс 104,9 пайызға өскенін айтты. Барлық шаруашылықпен 21957,5 тонна сүт, 3506,8 тонна ет, 4168,0 мың дана жұмыртқа өндірілді.

Жыл басынан бері ауданда 6086 бас аналық ірі қара мал асылдандыру үдерісіне қосылды. Ал мал шаруашылығы саласында 134 млн. теңге көлемінде субсидия төленді. Тіркелген 20 ауылшарушылық өндірістік кооперативтерінен 17-сі жұмыс жасауда.

Егін егу жұмыстарына 75 ауылшаруашылық құрылымы қатысты. Аудандағы егістік алаңы 133,981 мың гектарды құрады, немесе өткен жылғы деңгейінен 109 пайызға көп. Ал бидай 6340 гектарға егіліп, орта есеппен әр гектарынан 4,8 центнерден 3 мың тоннаға жуық өнім алды. Қазіргі таңда сондай-ақ 7306 гектарға егілген мақсарыны да жинау аяқталды. Бұл майлы дақылдың гектарына 4,3 центернер өнімділікпен 3125 тоннасы орылды. Қазір күнбағысты жинау жүріп жатыр. Өсімдік шаруашылығы саласында барлығы 6,6 млн. теңге субсидия төленді.

Мал басы санына сәйкес мал азығын дайындау жоспары бекітілді. Жоспар бойынша мал қыстату науқанына қажетті 123,5 тонна малы азығы артығымен дайындалды.

Ернар ХАЙДАР

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары