$ 482.86  533.17  5.08

Коалиция Жолдауды қолдайды

Батысқазақстандық азаматтық қоғам өкілдері Елбасы Жолдауын толығымен қолдайды және оны іске асыруға белсенді қатысатын болады.

Бұл туралы Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» БҚО коалициясының отырысында айтылды.

Жиында сөз алған саяси партия, қоғамдық ұйым, бизнес қауымдастық өкілдері Елбасы ұсынған теңдессіз шаралар уақытылы және реформаларды әрі қарай жалғастырып, қоғам мен мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын тиімді тетік болып табылатынын жеткізді.

- Бұл құжатты халықтық Жолдау деп санаған жөн. Себебі, онда қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуіне, яғни табысы мен тұрмыс сапасын арттыруға жете мән берілген. Елбасы осыған орай қысқа және ұзақ мерзімдерге арналған міндеттемелерді ұсынды. Бұл міндеттемелер ойдағыдай жүзеге асуы үшін бәріміз күш біріктіруіміз қажет. Біздің саяси көзқарастарымыз, ұстанымдарымыз әртүрлі болуы мүмкін, бірақ еліміздің жарқын болашағы жолында бірлесіп әрекет ететінімізге сенім мол,-деді жиында «Нұр Отан» партиясының БҚО филиалы төрағасының орынбасары Гүлназ Құлжанова.

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Мынатаубиік Әнесов

Қазақстан Президентінің Жолдауы әлеуметтік әділеттіліктің қағидалары мен әлеуметтік мемлекеттің құндылықтары еліміздің ең басты стратегиялық басымдықтары, ал қазақстандықтардың әл-ауқаты мен ұлттық мүдде Елбасы саясатының негізі болып қала беретінін тағы бір мәрте көрсетіп бергенін жеткізді.

«БҚО кәсіподақтар кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасының орынбасары Бауыржан Атауовтовтың сөзіне қарағанда, Қазақстанның әрбір азаматы елдегі ауқымды өзгерістерге өздерінің қатысын сезінуі тиіс, Жолдауды тиімді жүзеге асыру әлеуметтік сала дамуының сапалы жаңа деңгейін қамтамасыз етеді.

- Елбасы айтқандай, мүгедектігі бар адамдарға кедергісіз ортаны қалыптастыруға мән беру керек. Осы бағытта облысымызда біраз іс-шаралар атқарылуда. Өңіріміздегі 900-дей мүмкіндігі шектеулі жанның түрлі сауықту орындарында болуы, олар үшін арнайы спорт клубтың құрылуы сөзіме дәлел болады. Алдағы уақытта мұндай игі істер қатары артырары сөзсіз. Жалпы біздің қоғам мүшелері де Жолдауда айтылған тапсырмаларды орындаудан сырт қалмайтын айтып, өздеріне міндеттемелер алып отыр,-деді «БҚО мүгедектері ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жұмажан Қожжанов.

Жиын соңында Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» БҚО коалициясының үндеуі қабылданды.

Ернар ХАЙДАР

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары