$ 443.35  475.54  4.82

Бала тәрбиесіне ата-ана жауапты

Қарғанды облысы №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ұйымдастыруымен қалалық прокуратура өкілдері мен Жезқзаған қалалық ішкі істер басқармасы мен ювеналды полиция қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Басқосуда Қазақстан Республикасының құқық бұзушылық туралы кодексіне енген өзгертулер мен толықтырулар сөз болды.

Заңдағы негізгі өзгерістер турасында Қарғанды облысы №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Жангелді Ахметов кеңірек баян етті. Заңдағы өзгертулерге сәйкес енді кәмелет жасқа толмаған дарға темекі өнімдерін саудалаған дүкен иесі жауапқа тартылады. Ертеректе айыппұл дүкен сатушысына салынатын. Бұл өз кезегінде кәсіпкерді қандайда жауапкершілікті сезінуден босататын. Құқық бұзушылықты екінші қайтара жасаған кәсіпкердің қалтасы сәйкесінше алдындағы айыппұл көлемінен екі есе артық қағылады. Қомақты қаржысынан қағылған шағын және орта бизнес өкілдері келесіде заң бұзушылыққа бармасы анық. Ата-аналарға да талап күшейтілген. Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 127 бабына сәйкес балалардың оқуды себепсіз босатуы ата-анасын жауапкершілікке тартып, сот алдына барғызады. Сонымен қатар, енді ата-аналар баласының өмір сүруіне жағдай жасамағанда да, заң талаптарын орындамаған болып саналады. Яғни, әр ата-ана үйінде баласына оқып-тоқуға, тойып тамақ жеуге және киінуіне мүмкіндік жасауы керек. Ескі кодексте бұл талаптар қосымша ретінде қаралатын.

Жаңа кодексте кесілетін айыппұлдар көлемі де біршама азайтылған. Түнгі сағат 22:00- ден таңғы 06:00-ге дейін ата-анасыз не болмаса заңды өкілінсіз ойынсауық нысандарында көңіл көтеретін жасөспірімдердің ата-аналарынан бөлек кәсіпкерлерде жауапкершілік жүгін арқалайтын. Енді кәмелетке толмағандарды ойын-сауық мекеніне кіргізгендер төлейтін айыппұл азайды. Шағын бизнес өкілдері 15 ПЕК, орта бизнес иелері 30 АЕК, ал ірі кәсіпкерлік қожайындары 50 АЕК көлемінде айыппұл төлейтін болды. Бұған дейін аталған айыппұлдың көлемі екі есеге артық еді.

Семинарға қатысқан қалалық ювеналды полиция қызметкерлері кәмелет жасқа толмағандардың істеріне қатысты осы және өзге жаңашылдықтармен жіті танысып, құқық бұзушылық туралы хаттаманы рәсімдеуге қатысты сұрақтарына тұщымды жауап алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары