$ 489.06  536.21  5.05

Жезқазған тарихи-археологиялық музейі Елбасы жолдауын қолдады

19-қазан күні Жезқазған тарихи-археологиялық музейінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Президентінің ағымдағы жылдың 5-қазанында Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын насихаттау және түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өтті.

«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдаудың басты тақырыбы – қазақстандықтардың тұрғын үй мәселесі, білім беру мәселесі және тұрмыс сапасын арттыру.

Дөңгелек үстелге жергілікті БАҚ өкілдері және музей қызметкерлері қатысты.

Дөңгелек үстелдің модераторы музейдің ғылыми қызметкері Еркебұлан Камалиев болды. Шара барысында музей басшысы Раушан Қапарова сөз алып, Жолдаудың басты бағыттарына тоқталып, музей қызметкерлерін Елбасының Жолдауы аясында жұмыстарды жұдырықтай жұмылып, бірлесіп атқаруға шақырды. Музейдің Бас қор сақтаушысы Рәзия Ибраева Жолдаудың негізгі бөлімдері жайлы өз ойын жеткізді.

Әрі қарай жиынға қатысушылар арасында пікір алмасу өтті. Қатысушылар назарына Жолдау жайлы бейнесюжет, патриоттық негіздегі «Мәңгі ел үшін» бейнебаяны ұсынылды.

Шара соңында жиналғандар естелік үшін суретке түсті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары