Алматы қалалсы Медеу ауданы әкімінің бастамасымен Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру аясында аудан Мектеп түлектерінің ІІІ форумы өтті.
Форумның басты мақсаты: біріншіден – еліміздің түрлі саласында қызмет етіп, таңдаған мамандығында белгілі бір жетістіктерге жеткен кешегі мектеп бітірген түлектер мен мектептер арасында өзара байланысын арттыру. Жастармен ұдайы түрде кездесулер ұйымдастыру арқылы, өз тәжірибелерімен бөлісіп, ұрпақтар сабастығын жалғастыру.
Медеу ауданы Алматы қаласының тарихи және дәстүрлері мықты орталығы болып саналады. Қаламыздағы өткен ғасырдың 20-30 жылдары ашылған ескі және атақты мектептер орналасқан: №28 мектеп-лицейі, №12, 56, № 35, № 4 гимназиялар, № 52 жалпы білім беру мектебі. Арасында 20 жыл ішіндегі жаңадан ашылған мектептер бар, тек тәуелсіздік жылдар аралығында Медеу ауданында мектептен 30000 астам түлек шыққан.
Ш.Уалиханов атындағы №12 мектеп-гимназиясында білім алып, 1966 жылы білім ошағынан түлеп ұшқан жазушы Смағұл Елубаев өз мектебін мақтан ететінін айтты.
– Елбасымыз қазақ мектептерінің қара шаңырағы деп атаған №12 мектеп-гимназиясын биыл 93 жыл толады, көп ұзамай 100-ге келеді. Күлаш Байсейітова, Нұрғиса Тілендиев, Әбілхан Қастеев бастаған қазақ өнерінің, мәдениетінің негізін қалаған ұлы тұлғалар осы мектепті бітірген. Соны біз мақтан тұтамыз және мектебімізді ылғи қолдап отырамыз, - деді С.Елубай.
Форум аясында 2 жыл ішінде жеке инвесторлардың есебінен 5 футбол алаңы, бір балабақша, ашылды, №159 мектеп ғимараты 45 млн. тг. қаражат жұмсалып қайта жөндеуден өтті. №56 гимназия ғимаратының сыртына жөндеу жұмысы жүргізіліп, №64 мектептің акт залы толығымен жаңартылды. Форум есебінен аудан мектептеріне жалпы соммасы 160 млн. тг. инвистиция тартылды. ІІ форум нәтижесі бойынша жаңа жоба жүзеге асырылып «Медеу ауданының ең үздік 100 ұстазы» кітабы басылып шықты.
Шара барысында аудан әкімі Ержан Жылқыбаев бүгінгі форум Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы, соның ішінде «Туған жер» жобасы аясында үшінші рет өткізіліп отырғанынайтып өтті
– Елбасымыз Жолдауында атап өткендей, жаңа жылдан бастап мұғалімдер мен дәрігерлердің және тағы басқа мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысы орташа есеппен 35 пайызға көтеріледі деп күтілуде. Яғни ауданымыздағы 2 мыңға жуық білім беру саласының және 3 мыңға жуық денсаулық сақтау қызметкерлерінің еңбекақсы көтеріледі деген сөз. Сондай-ақ мұғалім мәртебесін көтеру мәселесі де қолға алынуда», – дейді Медеу ауданының әкімі.
Айта кетейік, мектеп түлектерінің алғашқы форумы 2016 жылы ұйымдастырылған, содан бері дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп келеді.