$ 498.34  519.72  4.85

Даланың дара данасы

«Даланың дара данасы». Жезқазғандағы медициналық колдедж студенті Қарғандыда Қазақстан халқы ассамблеясының «Қазақтану» жобасы аясында өткен облыстық байқауда топ жарып, алғыс хатпен марапатталды.

25 қазанда өткен шарада жастар Бұқар жырау Қалқаманұлының шығармаларын жатқа айтты. Жезқазғандағы медициналық колдеджінің студенті 115 ЕІ тобының студенті Даниеров Эльяр қатысып, ерекше өнер көрсеткені үшін алғыс хатпен марапатталды.

Бұқар жырау Қалқаманұлы (1668-1781) — қазақтың ұлы жырауы. XVII ғасырда жоңғар басқыншыларына қарсы қазақ-жоңғар соғысының бастаушысы әрі ұйымдастырушысы атақты Абылай ханның ақылшысы.

Шыққан тегі Арғын тайпасының қаржас руынан. Заманындағы сыншылар оны «көмекей әулие» деген. Сөйлегенде көмекейі бүлкілдеп, аузынан тек өлең сөз төгіледі екен.

Бұқар жырау: «Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан, ханым-ай, Қайырусыз жылқы бақтырған, ханым-ай, Қалыңсыз қатын құштырған, ханым-ай. Үш жүзден үш кісіні құрбан қылсам, Сонда қалар ма екен қайран жаның-ай!» деп Абылай ханның көрегендігі мен даналығын, қиын сәттерде ел ұйытқысы бола білгенін асқақ жырлары арқылы шебер жеткізген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары