29.10.2018, 04:34

Қарағанды облысы ҮЕҰ фестивалінің қонақтары Жезқазғанның көрікті жерлеріне экскурсия жасады

«Үкіметтік емес секторды қолдау – қазақстандық қоғамның рухани жаңғыруының жалпы мемлекеттік стратегиясын табысты жүзеге асырудың факторы» тақырыбындағы облыстық фестивальдің құрметті меймандары алдымен Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайына бас сұқты. Аталған мұражай ұжымы дәстүрден жығылмай бар ыстық ықластарымен келген қонақтарды құшақ жая қарсы алды. 

Өлке тарихынан терең сыр шертетін Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайы тарихи-мәдени мұраларға өте бай, Ұлытау – Жезқазған аймағынан сыр шерте отырып, өткен-кеткен және Тәуелсіздік жыларынан, бүгінгі жетістіктерімізден мол мағлұмат береді. Ежелгі кен өндіру, сауда-саттық, тарихи-мәдени ескерткіштер, таңбалы тастар, өте маңызды деректер жалпы айтқанда халықтың қалыптасу мен дамуынан сыр ашады.

Ежелгі, көне дәуірімізден басталатын құнды дүниелерімізді, қайталанбас көрмелерді, мұражайдың ғылыми қызметкері Алтынай Бірмұханова бүге-шігесіне дейін қонақтарға айтып, түсіндіріп, арасында сұрақтарына да жауап бере отырып, қызықты жүргізді. Меймандар дән риза болып, ең озық мұражай деп баға берді.

Осыдан кейін қонақтардың келесе аялдаған нысаны «Нұр Отан» партиясы Жезқазған қалалық филиалы және «Ютария ЛТД» ЖШС-і ұйымдастыруымен жақында ашылған «Білім және даму орталығы» жарқын ақыл мекемесі болды. Бұл орталық «Ютария ЛТД» ЖШС жанынан ашылған болатын. Аталған компанияның бас директоры Сәуле Шәуенова қаламызға талай жаңашылдықты енгізіп, көптеген қайырымдылық істерге тұрақты демеуші.

Елдің болашағы жастарымызды ойлап, заман көшінен қалмасын деген ниетпен тегін қаламызда тұңғыш рет «ІТ» каласс ашқан қайырымды жан. Орталықтың жұмысын, бүгінгі күнге дейінгі жетістігін қалалық филиал төрағасының бірінші орынбасары Гүлмира Қаженова, «Ютария» БПҰ төраймы Тұрсынай Ибадатова қала қонақтарын ерекше мейіріммен күтіп алып, жан-жақты орталық жұмысымен таныстырды. Заманауи орталықтың мүмкіндігі қонақтардың ерекше қызығушылығын туғызды, таңданыстарын жасыра алмады, үйренеріміз көп десті. Осындай керемет есте жүрерлік іс-шараларды биік деңгейде ұйымдастырған Жезқазған қаласы әкімдігі мен «Жезқазған қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне алғыстарын жеткізді.

Ізтөлеу ТҮСІПОВ