Шымкентте кішкентай баланы аяусыз ұрып, екі рет видеоға түсіп қалған әйелдің қандай жазаға тартылуы мүмкін екенін айтты қалалық полиция департаменті деп жазады Newtimes.kz.
«Instagram әлеуметтік желісінде әйелдің кәмелет жасқа толмаған балаға дөрекі іс-әрекет жасағаны бойынша кезекті бейнежазба жарияланды. Аталған жайт бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде, әйелдің жеке басы және оның жуырда жарияланған бейнежазбаға қатысы бар-жоғы анықталуда», – делінген полиция таратқан хабарламада. Анықталғандай, алғашқы жағдайға байланысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстару жүргізілуде. Ол бойынша әйелге 200 айлық есептік көрсеткіште айыппұл салынуы мүмкін. Сондай-ақ, 180 сағат қоғамдық жұмысқа немесе 60 тәуліккке қамауға алынуы ықтимал. Айта кетсек, 24 қазанда әлеуметтік желіде Шымкенттегі жұмыспен қамту орталығы ғимаратының әжетханасында баланы ұрған әйелдің видеосы тарап кеткен болатын. Ал 28 қазанда Шымкентте көшенің қақ ортасында кішкентай баланы ұрған тағы сол әйелдің екінші видеосы тарады. Полиция қызметкерлері бұл екі бейнежазбадағы әйелдің бір адам екені туралы ақпаратты анықтайтын болады.