$ 494.87  520.65  4.91

Сыбайластықпен күресу - барлық ұлтжанды азаматтардың парызы

Құрамында ОҚО экономика және бюджетті жоспарлау, ОҚО қаржы және ОҚО ішкі саясат басқармаларының мамандары бар арнайы топ Арыс қаласының тұрғындарымен кездесті. Басты мақсат – Мемлекет басшысы ұсынған 5 институционалды реформаны жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын халыққа кеңінен түсіндіру. Топты Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ербол Садыр бастап барды.

Жиын барысында өңірде атқарылып жатқан істер туралы айтылып, Елбасының салиқалы саясатының арқасында жеткен жетістіктер мен тындырымды тірліктер сөз болды. Сонымен қатар, еліміздегі қаржы тұрақтылығын сақтау арқылы мемлекетіміздің экономикалық дамуын  қамтамасыз ету, халықты жұмыспен қамтуды жақсарту және тұрмыс жағдайын көтеру жайлы кеңінен айтылды.

- Бұл тұрғыда тоғыз жолдың торабына орналасқан Арыс қаласында да бірқатар тың жобалар қолға алынып, өңірдің әлеуметтік-экономикасын қолға алынуда, - деп атап өтті Арыс қаласының әкімі Сейіт Ертай.

Оның мәлімдеуінше, биылдың өзінде 100-ге жуық құрылыс жұмыстары жүргізіліп, жұмыссыздық көрсеткіші айтарлықтай азайған. Ауылшаруашылық саласында да аудан диқандары облысымызда жоғары орындардан көрініп келеді.

Ал, Арыс қаласының құрметті азаматы Қонысбек Балқыбектің айтуынша, қалада барлық сала бойынша көптеген игі істер атқарылып жатыр. 100-ге жуық көше асфальтталып, құрылыс нысандары ел игілігіне пайдалануға берілген.

- Әлеуметтің әлеуеті мен экономикасы артты. Мұның бәрі Елбасымыздың көрегендігі мен салиқалы саясаты, - дейді ол.

Жиында, сондай-ақ, кәсіби мемлекеттік аппарат құру және мемлекеттік қызметшілердің беделі жайлы да кеңінен талқыланды.

- Мемлекеттік қызметшінің беделі – мемлекеттің беделі. Сондықтан мемлекеттік қызметші сыбайлас жемқорлық дейтін жаман әдеттен аулақ болғаны жөн. Осындай келеңсiз құбылыстармен бiтiспес күрес жүргiзу тек сот, құқық қорғау немесе мемлекеттiк органдардың мiндетi емес, барлық ұлтжанды азаматтардың парызы, - деп атап өтті ақпараттық-насихаттық топ мүшелері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары