$ 494.87  520.65  4.91

Пара беру де, алу да үлкен қылмыс ретінде саналатындай қоғамдық сана қалыптасуы қажет

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті жанынан  құрылған ақпараттық-насихаттық топ Мақтарал ауданындағы Асықата және Мырзакент елдімекенінің халқымен кездесті.

Мемлекет басшысы Еліміздің дамуы үшін және әлемде алдыңғы қатарлы елдермен тең терезелі болу мақсатында көптеген оң шешім, батыл қадамдар жасаумен келеді. 

Соның бірі – елімізде «Қазақстан-2050»  Стратегиясын жүзеге асыру мен Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға, негізгі бағыттан адаспауға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары. Ал, бұл реформалар Қазақстанның әрбір азаматының тікелей қатысуын талап етеді.  Яғни, бұл реформалар – тек мемлекеттік аппараттың ғана емес, халықтың ісі.

Ақпараттық-насихаттық топ мүшелері Ұлт жоспары жайлы кеңінен баяндап, әрбір қадамды тәптіштеп талдады. Халық көкейде жүрген сауалдарына жауап алып, өздерін толғандырған өзекті проблемаларды ортаға салды. Ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

Жиынға қатысушыларды, әсіресе, кәсіби мемлекеттік аппарат құру,  индустрияландыру және экономикалық өсім мәселесі қызықтырды.

Мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар, сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту жайы айтылды.

- Сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін, ең қауіпті түрі - парақорлық. Парақорлық мемлекеттік аппараттың қалыпты қызмет етуіне бөгет болып, билік және басқару органдарының беделіне нұқсан келтіреді, заңдылық қағидаларын жоққа шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделеріне қысымшылық жасайды. Бірінші кезекте пара берудің себептерін, пара алудың түп-тамырын жою үшін қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Яғни, пара беру де, алу да  үлкен қылмыс ретінде саналатындай қоғамдық сана қалыптасуы қажет, - деп атап өтті облыстық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары