$ 494.87  520.65  4.91

Сенатор Бектаев сайлаушыларымен кездесті

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Әли Бектаев Қазығұрт, Төлеби аудандарының халқымен  кездесіп, «100 нақты қадамды» жүзеге асырудың тетіктерін түсіндірді. Сенатормен кездесуге ауыл оқругінің әкімдері, ардагерлер кеңесінің мүшелері және дербес ұйым өкілдері, аудандық мәслихат депутаттары қатысты.

Кездесуде сенатор мемлекет басшысы ұсынған 5 институционалды реформаның әр бағытына жеке-жеке тоқталды. Кәсіби мемлекеттік аппарат құру, заң үстемдігін қамтамасыз ету, индустрияландыру және экономикалық өсім, біртектілік пен бірлік, есеп беретін мемлекетті қалыптастыруға қатысты қадамдарға талдау жасалды. Сенатордың мәлімдеуінше, алдағы уақытта бірнеше органдар реформалауға ұшырайды. Алайда, оның бәрі үздік 30 елдің қатарына ену үшін қолға алынып отырған шаралар екені баса айтылды.

- Осы құжаттың алғашқы бөлімінің 13-қадамында «Жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, сонымен бірге, жаңа заңнамалар әзірлей отырып, Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің құрылымында жемқорлық құқық бұзушылықтың жүйелі түрде алдын алу және сауықтыру үшін жемқорлыққа қарсы арнайы бөлім құру» деп тайға таңба басқандай көрсетілген. Шындығында, ел экономикасының одан әрі дамуына кедергі келтіріп, қоғамның дертіне айналған мәселе – сыбайлас жемқорлық. Бұл – адамзатқа ертеден таныс, заманмен бірге тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат пайда болса, сол жерге тамыр жайып, жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. бұл дерттің тамырына балта шабу оңай болмай тұр. Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесi жыл сайын Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында да айтылып келеді, - деген сенатор кездесу барысында халықты осынау дертпен бірге күресуге шақырды.

Сапар барысында Әли Әбдікерімұлы, әсіресе, әлеуметтік салаға кеңінен тоқталды.  Халықты толғандырған сұрақтарды тыңдап, тұщымды жауап берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары