$ 514.65  544.6  5.17

Депутат Бақытбек Смағұл аяздыгүні шешініп тастап, батырлар жырын оқыды (ВИДЕО)

Мәжіліс депутаты, Ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұл Астананың аязына қарамастан сырт киімін шешіп тастап, "Алпамыс батыр" жырының бір бөлігін жатқа оқыды. Еске салайық, "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында еліміздің танымал тұлғалары аталған жырды жатқа айтып, бір-біріне эстафета жолдауда.

Бұған дейін "Алпамыс батырдың" шумақтарын оқып, челленджді қолдағандар қатарында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, Мәжіліс депутаты Геннадий Шиповских, "Қазақстан" телеарнасының басшысы Ерлан Қарин, Жамбыл облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Уәли, "Алматы" телеарнасының басшысы Әлібек Әлденей, танымал өнер жұлдыздары: Бекжан Тұрыс, Сәкен Майғазиев және өзге де азаматтар болды.

Ал, бүгін Астанада шамамен -10 градус аяз болды. Осындай суыққа қарамастан Мәжілістегі нар тұлғалы депутаттардың бірі, Ауғанстандағы қан майданды бастан кешкен батыр Бақытбек Смағұл елорданың орталығында - Кеңес одағының батыры Бауыржан Момышұлы ескерткішінің дәл алдында тұрып, батырлар жырының бірнеше шумағын жатқа оқыды.

Айта кетейік, Бақытбек Смағұлға эстафетаны өзінің Мәжілістегі әріптесі Геннадий Шиповских жолдаған болатын. Ал, Смағұл болса бірден екі депутатты жыр жаттауға үндеп отыр. Олардың бірі - ҚР Сыртқы істер министрі Нұрлан Ермекбаев болса, екіншісі - Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.

Еске салайық, Challenge шартына сәйкес, әрбір қатысушы "Алпамыс батыр" жырынан бірнеше шумақты жатқа айтып, эстафетаны келесі қатысушыларға жолдауы тиіс.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары