$ 494.87  520.65  4.91

Бас мүфти: «Тамақ пен киімнің түріне сүннет жоқ»

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Астанада «Президент телерадиокешені» ғимаратында белсенді жастармен жүздесіп, дәріс берді. Бұл туралы ҚМДБ-ның баспасөз қызметі хабарлайды.

Кездесуде бүгінгі ұрпақтың тәрбиесі, имандылығы, олардың қоғамдағы орны, кейбір ұл-қыздардың өз-өзіне қол жұмсауы, жат ағымға кету себептері сөз болды.

«Біздің жастарымыз еліктегіш қой. Кейбір балалар Пәкістанның кимін киіп жүреді. Кейі арабтың, кейі үндінің кимін киіп алады. Оны өздерінше «сүннет» деп түсіндіріп бағады. Исламда тамақ пен киімнің түріне сүннет жоқ. Басқа ұлттың кимін киіп жүргендер Исламды дұрыс түсінбейтіндер. Мен өзім Семейде имам болып тұрғанда Пәкістанның кимін киіп жүргендердің талайын шақырып алып: «сүннет – пайғамбарымыздың істеген істері. Пайғамбарымыз дінді Араб түбегінен (хиджаз) таратқан кезде Пәкістан мемлекеті болды ма, болса олар ислам дінін қабылдады ма? Пайғамбарымыз күріш жеген екен деп 24 сағат күріш жемейміз ғой. Тамақ пен киімнің түріне сүннет жоқ» деп айттым. Бауырларымыз түсінбеушіліктен солай жүреді», – деген Бас мүфти дінді дұрыс ұстанумен қатар, киімді де талғаммен кию керектігін айтты.

«Исламда ұятты жерін жабу деген бар. Бірақ, қазақтың киімін киіп-ақ әуретіңді жаба аласың ғой. Бұрынғы заманда ата-әжелеріміздің киімдері қандай әдемі болған. Тіпті, ол заманның киім-кешегі адамның жасын, дәреже-деңгейін де айқындаған», – деді Ержан Малғажыұлы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары