$ 494.87  520.65  4.91

Оңтүстікте 1 мемлекеттік қызметші 320 адамға қызмет жасайды

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, республикада халық санын бір мемлекеттік қызметшіге шаққанда 171,6 адамды құрайды. Ал, тиісінше Оңтүстік Қазақстан облысында халық саны – 2 миллион 788,7 мың адам, яғни бір мемлекеттік қызметші 320 адамға қызмет жасайды екен. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ОҚО бойынша департаментінің басшысы М.Ахметов мәлім етті.

 

Айта кету керек, қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облысында 567 мемлекеттік орган қызмет атқаруда, оның ішінде, жергілікті атқарушы органдар – 403, аумақтық мемлекеттік органдар – 147 және өкілді органдар – 17.

2015 жылғы алғашқы 6 айдың қорытындысы бойынша облысымызда мемлекеттік қызметшілердің саны 8700 адамды құрайды. Оның ішінде, саяси мемлекеттік қызметшілер саны – 7,  «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері – 25 адам.

- Әр өңірдің өз ерекшеліктері бар. Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік қызметшілерінің арасында еңбегіне адал, орындаушылық қабілеті жоғары мамандар баршылық. Бірақ жемқорлықты бизнеске айналдырғысы келетіндердің ұшырап отырғандығы көңілді қынжылдатады. Оларды дер кезінде ауыздықтап отыру үшін іс басындағы мемлекеттік қызметкерлерді кешенді аттестат­таудан өткізіп отыру қажет, - деп атап өтті ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ОҚО бойынша департаментінің басшысы.  

М.Ахметовтің пікірінше, адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі.

– Осы құбылыспен күресу туралы 13 қадамда: «Жем-қорлыққа қарсы күресті күшейту, сонымен бірге, жаңа  заңнамалар әзірлей отырып, мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің құрылымында жемқорлық құқық бұзушылықтың жүйелі түрде алдын алу және сауықтыру үшін жемқорлыққа қарсы арнайы бөлім құру» қажеттігі көрсетілген. Бұл ұйым жемқорлыққа жол беретін командалық ауыс-түйісті болдырмауға және қызметтік іс-әрекет жетістіктерінің «жадын» сақтап қалу үшін қажет деп ойлаймын, - дейді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары