$ 445.66  474.58  4.78

«Қызқұмарлықтың ақыры өлімге соқтырды»: Қарағандыда ер адам секс үстінде қайтыс болып кетті

Қарағанды тұрғынының жүрегі жыныстық қатынас кезінде тоқтап қалған деп жазады  Newtimes.kz.

Павел Иванцов (аты өзгертілген. авт) өмір бойы қызқұмар болған. Оқушы кезінде метептегі жас мұғалімге ғашық болып, оны өзіне қарата алған. Ол ғана емес, ешкімнің қолы жетпеген сыныптағы ең сұлу қыздың да жүрегін жаулапты.

Бірақ мектеп бітіріп, жоғары оқу орнына түскен Павел сүйіктісімен үйленемін деп жүргенде ол басқаға тұрмысқа шығып кетеді. Осыдан кейін оның қызға деген сенімі жоғалған. Павел қыздардан өш алу үшін олармен тек төсектес болып, тастап кете беріпті.

Тіпті жоғары оқу орнын бітіріп, білдей компанияның директоры болса да ол осынау әдетін тастай алмаған. Кейде төсектес болған әйелдерін айтып, достарының алдында мақтанады екен.

«Мен кіммен жүрмедім деп сұрасаңдаршы? Бір күлсем болды, әйелдер аяғыма орала кететін. Осындайда үйленіп қайтемін, бала да керек емес», – дейді екен Павел.

Жасы 60-қа келсе де төсекте әйелді таң қалдыратындай күшім бар деп мақтанған оның жыныстық қатынас кезінде көз жұмады деп ешкім ойламаса керек. Сол күні Павел мейрамханада 30 жастағы арумен танысқан. Сөйтіп, екеуінің таныстықтары төсекте жалғасын табады. Олар жыныстық қатынасқа түспестен бұрын шарап ішкен.

Алайда, жыныстық қатынаспен айналысу сәтінде сезімге қатты беріліп кеткен болу керек, әйелдің үстінде жатқан күйі Павел әп-сәтте о дүниелік болып кеткен. Оқиға орнына келген жедел жәрдем тек өлім болғанын тіркеуден басқа түк істемеді. Айта кетерлігі, Павелдің жерлеу рәсіміне тек достары мен әріптестері келген. Ал төсектес болған әйелдер Павелмен қоштасуға келмепті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары