4000-нан астам ТГИЛ содыры Еуропаға босқын ретінде кіріп кеткен. Бұл туралы лаңкестік ұйымның ақпарат көзіне сілтеме жасап Sunday Express газеті хабарлайды, деп жазады 24.kz.
Олар жөнелту операциясының сәтті аяқталғандығын мәлімдеген. Лаңкестер мигрант ретінде Түркияның Измир және Мерсин қалаларына өтіп, одан ары Жерорта теңізімен Италияға барып отырған. Бұдан кейін олар Еуропаның өзге елдеріне өтіп кеткен. Содырлар әсіресе Швеция және Германияға ағылуда. Бұл ақпаратты жергілікті 2 контрабандашы растап отыр. «Олардың бірінің айтуынша, ол 10-нан астам лаңкеске Еуропаға өтуі үшін көмектескен. Ал кейбірі отбасы құрғылары келетіндіктерін айтты», - деді контрабандашының бірі. ТГИЛ ақпарат көзі содырлардың шоғырлануы – АҚШ басқаратын Халықаралық коалицияның әуе соққылары үшін қайтарылатын кек екендігін мәлімдеген. «Біз тек Сирияда емес, күллі әлемде халифат орнатқымыз келеді. Алайда шабуылдар ел азаматтарына емес, Батыс елдерінің билігіне бағытталмақ», - делінген хабарламада.