22.11.2018, 06:36

Ақ көйлек киген әжей мен гүл шоғын ұстаған атаға жұрт сүйсінді (ВИДЕО)

Ақ көйлек киген әжей мен гүл шоғын ұстаған атайдың үйлену тойындағы видео әлеуметтік желіге тарап кетті. Осынау сәттегі бейнежазба Instagram әлеуметтік желісіндегі топтардың бірінде жарияланған.

Видеода зейнеткерлердің үйлену сәті көрсетілген. Оларға жан-жағында келе жатқандар ақ лебіз тілектерін білдіруде. Сондай-ақ, қарт кісілерді құттықтап келгендер «Жас жұбайлар» жырын орындайды. Қолдарына сары шар ұстап алған.  

Өз кезегінде желі қолданушылары зейнеткерлердің «алтын тойларын» өткізген деп болжады. Ал енді бірі болса, бұл тойдың Астана қаласында өткенін жазған.