$ 445.66  474.58  4.78

Мас ер адам дүкен сатушысын бір ұрып жерге құлатты (ВИДЕО)

Өзін «Astana Motors Premiumда» жұмыс істеймін деп таныстырған ер адам дүкен сатушысына қол көтерген. Бұл туралы видео Instagram әлеуметтік желісіндегі топтардың бірінде жарияланды.

Бейнежазбада дүкенге кірген ер адамның әйелге дөрекілік көрсетіп, қол көтергені көрінеді. Қатты соққы алған әйел жерге құлап түскен.

«Түнгі сағат 23:00 шамасында дүкенге белгісіз ер азамат келді. Өзі алкогольдік ішімдікке сылқия тойып алған. Атын Саид деп таныстырған ол «Astana Motors Premiumда» жұмыс істейтінін айтты. Маған аузына келген сөзін айтып, артынша қол көтерді», – дейді әйел.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары