Астаналық Лейла 9 жылдан кейін күйеуінің гей екенін біліп қойған деп жазады Newtimes.kz.
Әйелдің айтуынша, күйеуімен алғаш танысқанда оған ғашық боп қалған. Төрт жыл кездесіп, екеуі отбасын құрады. Алайда, 7 жыл бірге тұрған күйеуінің гей екенін білгенде әйел жағасын ұстапты.
«Екінші ұлымыз дүниеге келгеннен бастап күйеуім үйге кешігіп келетінді шығарды. Көзіме шөп салмағанын білетінмін. Өйткені көбінесе достарымен бірге жүретін. Бір күні телефонын ақтарып отырып, жақын досының тыржалаңаш суретін жібергенін көрдім. Бірақ қалжың болар деп мән бермедім», – дейді Лейла.
Алайда, күйеуі төсек қатынасына келгенде әйелінен қаша бастаған. Түнде үйіне емес, досына кетіп қалатынды шығарыпты. Күйеуінің бұл қылығынан шаршаған Лейла, онымен ажырасуға бел буады. Бұл шешімге күйеуі келісе кетіп, көлігі мен пәтерді балалары мен әйеліне қалдырған. Өзі болса, досының жанына кетеді.
«Егер күйеуім қайта қосылайық десе, қабылдайтын едім. Бірақ оның таңдауы – досы. Ол сол адаммен бақытты. Болашақта балаларымның әкесі секілді болғанын қаламаймын. Сол үшін де ажырастым», – дейді әйел.