$ 494.87  520.65  4.91

Маңғыстау облысында зиянкестерді уламақ болған мамандар 2 адамды улап өлтірді

Мұнайлы ауданына қарасты Маңғыстау ауылында тұрғын үйлердің біріне жүргізілген дезинфекциядан кейін 5 адам уланып қалды деп жазады Lada.kz. Олардың екеуі қайтыс болған.

Бұл туралы ақпарат Мұнайлы аудандық әкімдігінің Facebook-парақшасында жазылған. Қайғылы оқиға 23 қараша күні болыпты. Алдын ала болжам бойынша, марқұмдар зиянкестерге қарсы себілген дәріден уланып қалған.

"Аудан әкімі Рахат Елтізаров пен оның орынбасары, сондай-ақ, құқық қорғау органдарының өкілдері оқиға орнына барды. Қазіргі таңда үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. Мәселе облыс басшыларының бақылауында", - деді Мұнайлы аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі.

Зардап шеккендердің бірі кішкентай бала екені де анықталып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары