$ 498.34  519.72  4.85

«Қалыңдық жігіттен 18 жас үлкен»: Қазақстандықтар жас жұбайларға сүйсінді (ВИДЕО)

Әлеуметтік желі қолданушылары қазақстандық «жас» жұбайлардың отау құрғанын қызу талқылап жатыр. Әңгімеге арқау болған жайт - қалыңдық пен күйеу жігіттің жас айырмашылығы.

Үйленіп жатқан жігіт 1994 жылғы болса, әйелі 1976 жылдың тумасы екен. Яғни, келіннің күйеу жігіттен 18 жас үлкендігі бар.

Бейнежазбада үйленіп жатқан келіншек пен жігіт өте бақытты көрінеді. Күйеу жігіт әйелінің өзінен үлкендігіне қарамастан оған қамқорлық көрсетіп жүр. Оның той көйлегін түзеп, махаббатпен қарайды. Ары қарай екеуі бірлесіп ән шырқаған.

Үйлену тойына келген қонақтар екі жасқа ақ тілектерін жаудырып, олардың бақытты сәттерін телефон камерасына түсіріп жүр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары