$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбеде қыздарын мектепке жібермей отырған ата-аналар медресе ашуды сұрайды

Оқушылардың әкелері қыздарының мектепке орамал тақпай баруына қарсы. Сондай-ақ, олар биліктен медресе ашуды сұрап отыр деп жазады Aktobetimes.kz.

Ақтөбеде №31 қазақ орта мектебінің 3 және 6-7 сынып оқушылары қырқүйектен бері мектепке бармаған. Үш қыз бір отбасынан болса, екеуі және біреуі басқа үйден. Қыздардың жасы үлкені 13-те, ал кішілері – 8 жаста.

Оқушы қыздардың әкелері мектеп директорының үстіне сотқа арыз тастаған. Сонымен қатар, олар мектепке орамал тағуға қарсылық білдіру заңға сәйкес келмейтінін айтады.

«Олар кәмелетке толмаған қыздарының орамал шешулеріне қарсы. Сол себептен оқушыларды мектепке жібермей отыр», – дейі сотта қорғаушы Қайролла Әлімағамбетов.

Ақтөбе қалалық сотының судьясы Гауһар Оралбай әкелердің шағымдарын қараудан бас тартқан.

Осыған ұқсас оқиғалар басқа да білім ордаларында кездеседі. Ақтөбе облысы Білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаеваның айтуынша, 15 оқушы қыз әлі де орамалдарын шешпеген.

«Діни көзқарасы бар ата-аналар биліктен медресе ашуды сұрап отыр. Алайда, медресені тек жекеменшік мекеме ғана аша алады. Ол үшін Білім минстрлігінен медресе ашу туралы лицензиясы болуы керек», – деййді Ләззат Оразбаева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары