Ақтаудағы ГМ-172/8 түзету мекемесінде сотталғандардың жүйкесін тыныштандыру кешені ашылды, деп хабарлады «Қазақпарат».
Бұл түрмеде көгершіннің ондаған түрі бар. Ал кешенге кіре берісінде субұрқақ салынуда.
— Облыстағы түзету мекемелерінде мұндай кешен алғаш рет ашылып отыр. Жануарлар мен құстар адам жүйкесін қалпына келтіретіні белгілі. Бір сөзбен айтқанда ГМ-172/8 түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқандар үшін жануарлар мен құстарды күту энергия беріп, теріс қылықтардан алшақтатады. Сондықтан бұл кешеннің басты міндеті - сотталғандардың психологиялық жеңілденуі, — деп атап өтті Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару департаментінің өкілі Нұржан Жайлыбаев.