$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде тағы бір "пайғамбар" пайда болды

Түркістан қаласында өзін Алла үкімімен пайғамбар болғанын жария еткен Нұрәлі Әмірәлиев есімді 51 жастағы азамат қала әкіміне хат жолдады. Онда ол Алламен тілдесіп, пайғамбарлық дәрежесін алғанын, биліктің онымен санасып, мойындауын талап етіп отыр деп хабарлайды 31 арна.

«Демалайын деп тұрғаным сол еді, құбыла беттен тіл қатты: Ей, құлым, сен елшім боласың деді. Мен қаттым да қалдым. Ыбырайым, Мұса пайғамбарларымыз сияқты тікелей тілдескен үшінші пайғамбар боламын», – дейді ОҚО тұрғыны Нұрәлі Әмірәлиев.

Ұлының әрекетін алғашқыда тоқтатпақ болған оның анасы Мұхаммед пайғамбарымыздың өмір жолдары туралы кітапты оқыған соң, өзі біледіге көшіпті. Өтірік айтса, Алла жазасын береді дейді.

Бұл елімізден шығып отырған алғашқы «пайғамбар» емес. Бұған дейін де бірнеше «пайғамбарлар», тіпті «құдай» да шыққан. Өзін «Құдаймын» деп жариялаған Фархат есімді ұйғырдың сөзіне әлі сеніп жүргендер бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары