$ 445.66  474.58  4.78

«Медеуде» қалта ұрысы бейнебақылау камерасына түсіп қалды (ВИДЕО)

Алматыдағы «Медеу» мұз айдынына келген қонақтардың қалтасына түсіп жүрген ұры бейнебақылау камерасына түсіп қалды. Аталған видеоны «Шымбұлақ» мекемесінің директоры Ержан Еркінбаев өзінің Instagram-парақшасына жүктеді.

Күдікті ер адам қара тон киген. Ол әдейі адам көп шоғырланған жерге келіп, алдымен маңайын бақылайды. Ешкім сезіктенбегенін білген соң қолын алдында тұрған қыз баланың қалтасына салады. Ұрының қолы қалтадан құр шыққан жоқ, ол жәбірленуші қыздың құнды затын ала шықты. Артынша түк болмағандай телефонмен сөйлесе кетті.

Видеода ұрының түрі анық көрінген. Ержан Еркінбаев демалыс орнына келушілерді сақ болуға шақырып, аталған ұрының әлі ұсталмағанын жазды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары