Әлеуметтік желілерде полиция қызметкерінің ер адамды боқтап, оған түкірген видеосы пайда болды. Бейнематериалды Instagram әлеуметтік желісінің қолданушысы жариялаған.
Видеода Шардара АІІБ патрульдік полициясы ер адамның шашынан тартып, бейәдеп сөздер айтқан. Онымен қоса оған түкіреді. Бұл ақпаратты Түркістан облыстық Полиция департаменті растады.
«8 желтоқсан күні бұл оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің «Бұзақылық» бабы бойынша іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», – делінген ведомство таратқан ақпаратта.