$ 494.87  520.65  4.91

Бүгін Қазақстанның тәуелсіздік алған күні

Бүгін қазақстандықтар Тәуелсіздік мерекесін атап өтуде. Осыдан тура 27 жыл бұрын еліміз өзін тәуелсіз ел деп жариялап, өмір сүруін тоқтатқан КСРО құрамынан біржола шыққанын мәлімдеді.

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңына қол қойды. Ал бұл заңның Жоғарғы Кеңесте талқылап, қабылдануы да сол кезең үшін үлкен белес еді.

Тәуелсіздік күні - 1991 жылғы желтоқсанның 16-сында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев қол қойған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» және 2008 жылғы 25 маусымдағы және 2009 жылғы 22 сәуірдегі заңдармен өзгертулер енгізілген 2001 жылғы желтоқсанның 13-інде «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес аталып өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары